- Advertisement -

Онлайн коучинг- вебинардың берері мол

116

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың басым бағыттарын анықтау мақсатында «Мен – smart педагог боламын!» халықаралық онлайн коучинг-вебинар өтті. Қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми жоба аясында өткен коучинг-вебинарға республикаға танымал ғалымдар, болашақ педагогтер, білім беру ұйымдарының әдіскерлері және Ресей Федерациясындағы Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары мен болашақ педагогтері қатысты.

«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн коучинг-вебинар барысында Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі және әлеуметтік білім беру» кафедрасының меңгерушісі, профессор Наталья Каратаева вебинардың маңыздылығына баса назар аударып, қос оқу ордасының болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша коллаборациялық зерттеулеріне тоқталып өтті.

Айта кету керек, бұл күні жоба жетекшісі, университ профессоры Клара Бузаубакованың, жоба мүшелері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті профессоры Амина Амирова мен Анастасия Маковецкаяның «Цифрлы педагогика» оқулығының тұсауы кесілді. Бүгінде бұл оқулық Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің іс-тәжірибесінде сынақтан өткізіліп, жаңа оқу жылында оқу процесінде пайдаланылуда.

Жалпы, Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын онлайн коучинг-вебинар болашақ педагогтерге оқыту технологияларын цифрлы білім беру тұрғысынан жетілдірілген түрлерін меңгертуді көздей отырып, оқытушы мен білім алушының серіктестікке құрылған қарым-қатынасы оқу материалының цифрлық контенттерінің жаңа формаларын тиімді қолдануға бағыт-бағдар сілтейді.

Сонымен қатар болашақ SMART педагогтердің әлемдік деңгейдегі ғылымның озық жетістіктерімен және танымал ғалымдардың инновациялық іс-тәжірибелерімен танысуына кеңінен жол ашады.

 

Клара БҰЗАУБАҚОВА,

М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік университетінің «Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support