- Advertisement -

Талай мықтылардың томағасын сыпырған

54

- Advertisement -

Жанарбек ӘШІМЖАН, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазір жүз жасаған басылымнан гөрі, жүз лайктың бәсі артық болған уақыт. Осындай кезеңде алдыңғы буын ағаларды алдыға салып, астананың төріне, дәстүрлі басылымның байрағын көтеріп келіп отырған газет ұжымына алғыс айтамын. Ақпарат кеңістігінде әлі талай сәулелі сәттер туады. Оған дау жоқ.

Әр адам қандай қызметте болса да, мейлі ол тілші болсын, бас редактор ма, бөлім редакторы ма, жауапты хатшы ма бәрібір өзінің жұмысын лайықты атқарса болды. «Aq jol»-да да бір қолында қаламы, бір қолында қазаны бар мықты қыз-келіншектер, шығармашылығын дамытып отырған жігіттер, азаматтар бар. Бұл басылым талай мықтылардың томағасын сыпырған. Газетке қолтаңбасын қалдырған редакторлардың артықшылығы – Жамбыл өңірінде жақсы бір басылым қалыптастыра алғаны дер едім.

Алда бұл той үлкен дәрежеде өткелі отыр. Елімізге есімі белгілі мықтылар, басылымнан түлеп ұшқан таланттар дүбірлі тойда бас қосқалы отыр екен. Қасиетті Әулиеата өңіріндегі бас басылымның жүз жылдық тойы құтты болсын! Той тойға ұлассын!

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support