Жүз жылдық мұра – елдің мұрасы

Жүз жылдық мұра – елдің мұрасы
ашық дереккөз
Жүз жылдық мұра – елдің мұрасы
Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: – «Aq jol»-дың жүз жылдығы астананың төрінде өтіп отырғанына қуаныштымыз! Газеттің тарихы – елдің тарихы. Жүз жылдық мұра – елдің мұрасы. Бұрынғы тарихты біз осындай сарғайған газет беттерінен қарай алатын едік. Енді қазір интернет заманы, әлеуметтік саланың дамыған уақыты. Бұл сайттардағы қорды біз енді бір жүз жылда таба аламыз ба? Кеше жазған дүниемізді бүгін таппай қалатын жағдайда отырған жоқпыз ба? Бұл еліміз бойынша өте ауыр жағдай болып отыр. Сондықтан газет әділеттің шырақшысы, жалаугері. Ақиқаттың, шындықтың жаршысы газеттер болды. Сөздің қуаты, сөздің жылуы, жалпы сөздің қадірі қашқан кезеңге келіп қалдық. Қазақ сөзінің қайнарын сақтап отырған дәстүрлі БАҚ, қазақ тілін сақтап отырған осы газеттер дер едім. Интернет басылымдарға, жаңа медиаға менің ешқандай дауым жоқ. Бірақ ол жерде тілдің шұбарлануы, тілдік қорымыздың бұзылуы өте көп және оны күнделікті көріп жүрміз. Ал дәстүрлі БАҚ мемлекеттік тілдің қорғаушысы, бірден-бір сақтаушысы, бірден-бір шырақшысы деп айтуға болады. Дәстүрлі БАҚ-сыз мемлекеттік тілдің сақталуын, одан ары кемелденуін, дамуын көре алмаймыз, көз алдымызға елестете алмаймыз. Бүгінде еліміз бойынша өзінің алар орны бар, Жамбыл аймағының ақпаратын тізіп, мәселесін көтеретін, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналып отырған «Aq jol» газетін ғасырлық тойымен құттықтаймын!  

Ұқсас жаңалықтар