Басылым тойы бас қалада жалғасуда

Басылым тойы бас қалада жалғасуда
ашық дереккөз
Басылым тойы бас қалада жалғасуда
«Aq jol» газетінің жарық көргеніне 100 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар легі жалғасуда. Басылымның ғасырлық мерейтойы Жамбыл өңірінен бастау алып, Нұр-Сұлтан төрінде өтуде. Күні кеше жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, «Aulieata-Media» ЖШС Бас директоры Оралхан Дәуіт және «Aq jol» газетінің Бас редакторы Хамит Есаман «Хабар» агенттігінің «Оян!» таңғы бағдарламасына қатысты. Бағдарламада «Aq jol» газетінің тарихы, өткені мен бүгіні туралы сөз болды. Басылымда әр жылдары жұмыс істеген Сыдық Абланов, Жайық Бектұров, Ғайса Сармурзин, Кемел Тоқаев, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Жақсылық Сәтібеков, Тынышбай Рақым және өзге де қаламгерлердің еңбек жолы туралы айтылды. Мазмұнды әңгіме өрбіді. «Бағдарламаға түсуге қолдау көрсеткен республикалық «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли мырзаға және «Оян!» бағдарламасының ұжымына алғыс білдіреміз», – дейді басылым басшысы Хамит Есаман.  

«Aq jol»-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар