Болашаққа бағдарымыз айқындалды

61

Мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жаңа Жолдауында көтерілген мәселелер өте өзекті, оның ішінде адами капиталдың дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғаны ұстаздар қауымын ерекше қуантты.

 Себебі кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының қозғаушы күші оның халқы, адами капиталы. Әсіресе мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемелерінің жағдайын түзеу арқылы бастау, өте орынды шешім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі болғандықтан, оған аса назар аударылуы керек және қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасау өзекті. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер арқылы нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық әлеуметтік және эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін байқауға болады.

Мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, еліміздегі мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлу өте құптарлық іс. Президент Қ.Тоқаев балабақшалармен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуді және де тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын көтеру үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл өз кезегінде білім беру бағдарламасына сұранысты арттырып, сапалы кадрлардың келуін қамтамасыз етеді.

Жолдауда табысты ұлтты қалыптастырудың тағы бір маңызды факторы – орта білім сапасы деп айтылды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сәтті іске асыру арқылы өз ісіне берілген мұғалімдер мен білімге құштар оқушылардың санын арттыруға болады.

Жолдауда қозғалған жеке білім беру ваучерлерін енгізу жоспары тиімді. Баланы оқытуға, оның ішінде сыныптан тыс оқытуға мемлекет беретін барлық қаражат бірыңғай білім беру шоттарында жинақталатыны, шын мәнінде балалардың білім алуына инвестиция сала алатын бастапқы мақсатты капитал көзі. Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін тең мүмкіндіктер қағидатын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейін 2028 жылға дейін 61 жыл деп белгілегені тағы қуантты. Және де бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу және оған беделі мінсіз, жоғары кәсіби командалары бар жеке компанияларды тарту тапсырмасы, яғни, адами капиталды нығайтып, күшейтуге ауқымды инвестиция құю халқымыздың еңсесін көтерді. Көптеген жағымды жаңалықтарға толы бұл Жолдау барлығымыздың көңілімізден шықты.

 

Орынқыз ЖОЛДАСОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институтының директоры.

Comments are closed.