Мемлекет мүддесін бәрінен де биік қойды

Мемлекет мүддесін бәрінен де биік қойды
ашық дереккөз
Мемлекет мүддесін бәрінен де биік қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын отбасыммен бірге отырып, бастан-аяқ тыңдап, тұшымды ойларын көкейіме түйіп отырдым. Президентіміз өз сөзінде бүгінгі қоғамға ел бірлігі ауадай қажет екендігін және «Қасіретті қаңтар» оқиғасындағы ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз екендігін еске салды. Сондай-ақ олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отырғанын жеткізді. Одан бөлек, мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдеткенін және Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отырғанын хабарлады. «Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», – деді ел Президенті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткіземін деуі дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Президент мемлекет мүддесін бәрінен де биік қойып отыр. Сондықтан өкілеттік мерзімін қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайын екендігін айтты.  

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,

«Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар