Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек
ашық дереккөз
Дерек пен дәйек
30 тамызда егемен еліміздің Конституциясы қабылданған мереке тойланады. Осыдан 27 жыл бұрын не болып еді? Еліміздің Ата заңын басынан аяғына дейін толық оқып көрдіңіз бе? Тым құрығанда заң туралы мынадай қызықты деректерді біле жүріңіз. * 1995 жылы Конституция жобасын талқылауға 3 миллионнан астам қазақстандық қатысты. * Қазіргі Конституцияға алты рет: 1998, 2007, 2011, 2017, 1919 және 2022 жылдары өзгерістер енгізілді. * Ата заң мәтінінің орысша нұсқасына қарағанда қазақ тіліндегі нұсқасында сөз көп. Оның ішінде Республика сөзі 260 рет, Қазақстан сөзі – 111, Парламент сөзі 82 рет кездеседі. * Конституциядағы ең көп бап қарастырылған бөлім – «Адам және азамат» (30 бап), ал ең аз бап бар бөлімі – «Конституциялық сот» (4 бап). * Ең алғашқы конституция Қазақ Автономиялы республика кезінде 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған. * 2014 жылы Конституция күніне орай Астана қаласында ең ұзын пицца дайындалды. Ол 5 сағат бойы пісірілді және 5 метрге жетіп рекорд орнатты. * Әлемдік желіде Конституция баспалық нұсқасының 30-дан астам түрі бар. Оның ең қарапайым, жұмсақ мұқабалы түрін 500 теңгеге сатып алуға болады. Өте қымбат тұратыны да бар. Интернет арқылы өткізілген бәссаудада Конституцияның ең қымбат нұсқасы 130 мың теңгеге сатылды, онда Президенттің қолтаңбасы бар болған. * Тәуелсіз Қазақстанның бір жылдан астам уақыт бойы Конституциясы болмады. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды. 1993 жылдың 28 қаңтары күні тұңғыш Конституция қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар