Жыржарғы һәм Ата заң

Жыржарғы һәм Ата заң
ашық дереккөз
Жыржарғы һәм Ата заң
Парақталған ғасырлардың әмірі, Жоғын жоқтап, зарын шерткен мұңлықтың. Өткірлігі – қорғансыздың қаруы, Әділдігі – қолтаңбасы шындықтың. Арманды елдің жаны теңіз, ары алау, Саған айтар болашақпын датымды. Даналардың өздеріндей даралау, Бабалардың сөздеріндей ақырғы. Қалың елдің қасиетті сүйеуі, Өктем басып, өрге тартқан Отанды. Аналардың көз жасындай киелі, Әкелердің жүрегіндей қаһарлы. Бақытына уақыты таласқан, Қастерленген ұлылардың ұрпағы. Тәукелердің жолдарындай тау асқан, Ол – заңдардың шежірелі сұлтаны! Тәуелсіздік көк пен жерге сән құрды, Ол – бүгінім, Ол – ертеңгі заңдылық. Туғаны жоқ тура бидей тағдырлы, Тура бидің тағдырындай мәңгі ұлық!  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар