Тоқаев Ұлттық банктің штат санын қысқартты

Тоқаев Ұлттық банктің штат санын қысқартты
ашық дереккөз
Тоқаев Ұлттық банктің штат санын қысқартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің штат санын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ak jol aqparat тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Президенттің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай түзету енгізді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда, жалпы штат саны 2 161 бірлік мөлшерінде бекітілсін", - делінген құжатта.
Бұған дейін  Ұлттық банктің штаттық құрамы, оның ішінде орталық аппарат, оның филиалдары және өкілдігінде 2 587 адам болған.

Ұқсас жаңалықтар