- Advertisement -

Артиллериялық атыс шеберлері алты дүркін чемпион

39

- Advertisement -

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері халықаралық армия ойындарының жарыс алаңдарында табысты өнер көрсетті. Өңірдегі «Гвардейск» полигонында өткен «АрМИ-2022» халықаралық ойындары шеңберінде «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық команда жеңіске жетті.

Жарыстың үшінші кезеңінде артиллерияшылар кедергілерді еңсеріп, өздеріне жүктелген тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Ал «Эстафета» кезеңінде Қазақстан командасы алғашқы боп трассадағы жарысты 37 минут 43 секунд ішінде аяқтады. Жүлделі екінші орын Ресей Федерациясының құрамасына бұйырса, әзірбайжандық әскерилер үздік үштікті түйіндеді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Тілек Серікбаевтың айтуынша, жеңіске жетуде миномет есептоптарының құрамындағы әскери қызметшілер мен олардың жаттықтырушыларының сіңірген еңбегі зор. Олар әр тапсырманы ойдағыдай орындап, қазақстандық әскери қызметшілердің мерейін үстем еткен.

– Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындаумен айналысқан команданың жұмысы жоғары бағаға лайық. Себебі, олар жеңіске жету жолында зор үлес қосты. Жалпы, техникасыз біз мұндай нәтижеге қол жеткізе алмас едік, – деді Тілек Серікбаев.

Жалпы, бұл сайыста сәтті өнер көрсеткендердің бірі – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонындағы механикаландырылған бригада құрамасы. Бірінші миномет есептобының командирі аға сержант Ғабит Дәулетов бастаған экипаж құрамында бес әскери қызметші бар. Жігіттер өз міндеттерін нақты және қатесіз орындап, біздің елдің әскери қызметшілерінің қарым-қабілетін байқатты.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет 2016 жылы бастау алып, биыл алтыншы рет өтіп отыр. Осылайша, әлем елдерінің әскерилері бақ сынаған жарыста Қазақстан командасы Армия халықаралық ойындары аясында «Артиллериялық атыс шеберлері» конкурсында алты дүркін чемпион атанып отыр.

 

 Дина МУХАРИНОВА,

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support