- Advertisement -

Мемлекет басшысының Әзербайжан Республикасына ресми сапары сәтті өтті

28

- Advertisement -

Бүгін Мемлекет басшысының Әзербайжан Республикасына ресми сапары сәтті өтті, деп  хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Айтуынша, кездесу барысында екіжақты келіссөздер нәтижесінде 10 құжатқа қол қойылды.

Ең алдымен, өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы 3 есеге артқанын атап өткен жөн. Биыл да сауда-саттық саласында осы деңгейдегі өсім бар. Десе де бұл бағытта біраз жұмыс атқарылуы тиіс.

Қазақстан мен Әзербайжан Еуразияның негізгі транзитік дәлізі саналады. Сондықтан көлік-транзит, логистика саласында біраз келісімге қол жеткізілді. Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру үшін ортақ кешенді шаралар қабылданатын болды. Теңіз порттарымыз арасындағы кооперацияны тереңдету мәселесі де талқыланды.

Еліміз бауырлас мемлекетке ауыл шаруашылық өнімдері экспортын арттыра алады. Қазақстандық өндіруші компаниялар Әзербайжанға жалпы сомасы 300 миллион доллардан асатын 100 түрлі тауар көлемін ұлғайтуға дайын.

Әзербайжан тарапы Сумгаит қаласындағы көшелердің біріне ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының есімін берді.

Әзербайжан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Жарғысы мен қарарларына сәйкес, территориялық тұтастығын қалпына келтіргені мәлім. Осы бағытта қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығару үшін Президент Физули қаласында балаларға арналған Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығын салу туралы шешім қабылдады. Бұл – қазақ халқының атынан сыйлық.

Жоғарыда аталған келісімдердің негізінде Қазақстан мен Әзербайжан арасында Стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық ынтымақтастықты тереңдету туралы декларацияға қол қойылды. Бұл — бауырлас екі ел арасындағы байланысты бекем ететін іргелі құжат.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support