Өмірдің бір қызығы – бала деген

Өмірдің бір қызығы – бала деген
ашық дереккөз
Өмірдің бір қызығы – бала деген
Бүгін аудан орталығындағы "Достық" мәдениет үйінің алаңшасында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды.  width= Жәрмеңкенің мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету, сонымен бірге халыққа жалпы мектепке қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну. Жәрмеңкеде оқушыларға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтары және мектеп формалары қолжетімді бағада ұсынылды. Бұл ізгі шараға аудан әкімі ретінде мен де өз үлесімді қостым.  width= «Өмірдің бір қызығы – бала деген» дегендей, адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Ал, осы балалардың жүзінен күлкі көру – ата-ана үшін үлкен бақыт. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.  

Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза

Ұқсас жаңалықтар