Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ашық дереккөз
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес; 3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы; 6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-О - 3 А блок 305232 350615
  «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, No125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87057541299 (жұмыс уақытында) e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl. gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы No832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, No 6-1. Функционалдық міндеттері: А блок. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастыру; облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасарының тапсырмаларын орындау. Облыс әкімінің және облыс әкімдігі отырысының шешімдері мен өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары және оның орынбасарының хаттары жобаларын дайындау. Суды тазалау, сумен қамтамасыз ету, су бұру нысандарының бірқалыпты жұмыс істеуіне, экономиканы тұрақтандыруға кедергі жасайтын себептерді жою үшін басқарма басшысының қарауына ұсыныс береді, облыс аумағында суды тазалау нысанының құрылысы бойынша жоспар және бағдарлама жасауға қатысады. Облыс аумағында орналасқан суды тазалау, сумен қамтамасыз ету, су бұру, ауыз су және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету, техникалық суды жеткізумен және тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін талдайды, материалдық- техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдердің жүргізілуін бақылайды. Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады. Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырылуын және жүргізілуін қамтамасыз етеді. Облыс аумағында суды тазалау, сумен қамтамасыз ету, су бұру және суды тазалау құрылымдарының кешенді дамуы бірыңғай стратегиясын, аумақтың ағымдағы және келешектегі тапсырмаларын шешуге арналған кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша, облыс аумағында олардың тіршілік әрекетін жетілдіру саласын қоғамдық және басқада ұйымда тығыз ынтымақтастықта жүргізуді бақылайды. Облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтуға және су бұруға әзірленген жобалар негізінде құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен қажетті қаражаттар бөлінуіне есептеулер әзірлеп салалық министрлікке және облыстық экономика және жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімдер дайындап, қорғау жұмыстарын жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы. Мамандығы – гидрогеология және инженерлік геология немесе гидротехникалық құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе гидромелиорация немесе автоматтандыру және басқару немесе сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау немесе құрылыс немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе энергетикада басқаруды ұйымдастыру немесе су ресурстары және суды пайдалану. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері. 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың; 2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады: 1) Өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, No125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@ zhambyl.gov.kz. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, No125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады: 1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі); 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы NoҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі No 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда No 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі No272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда No11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама). Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады. Өтініш Мені ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Мекенжайы: __________________________________________________ Байланыс телефоны: ___________________________________________ e-maіl: ___________________________________________________________ ЖСН: ___________________________________________________________ __________________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «____»_______________ 20__ ж.  
 «Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
 
 тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /  фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО(түрлі түсті/ цветное,3х4)
_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность*, место работы, местонахождение организации
қабылданған /приема босатылған /увольнения
_____________________Кандидаттың қолы /Подпись кандидата _______________күні / дата
  * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады    

Ұқсас жаңалықтар