Нұрбек Бекен "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болды

Нұрбек Бекен "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болды
ашық дереккөз
Нұрбек Бекен "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болды

Нұрбек Бекен "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бұл туралы «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли фейсбук парақшасында мәлімдеді.

– Бұған дейін “Хабар24” арнасының бас редакторы қызметін атқарған Нұрбек Бекен АҚШ-қа Агенттік атынан меншікті тілші болып аттанып барады.

Енді «Хабар» Агенттігінің АҚШ-тағы тілшілер қосыны Нью-Йорктен Вашингтонға көшіп, журналистеріміз Ақ үйден тікелей ақпарат тарататын болады.

Нұрбек Бекен – отандық медиа саласының дамуына өз үлесін қосқан белгілі журналист. Еңбек жолын «Шығыс-Информ», «Өркен» сынды ақпараттық бағдарламалардың жүргізушісі, тілші болып бастаған. Халықаралық журналистика саласында бай тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары "Хабар" және "Хабар24" телеарнасының ҚХР-дағы меншікті тілшісі болып қызмет етіп, Associated Press-тің Бейжіңдегі студиясынан тікелей эфирлер жүргізген. Бұдан бөлек, «Шығыс-Ақпарат» медиа холдингінің Басқарма төрағасы, Жамбыл облысы «Aulieata-Media» холдингінің бас директоры қызметтерін атқарған. Еске сала кетейін, «Хабар» Агенттігі әлемнің 16 мемлекетінен хабар таратады, – деп жазды Б. Уәли.

Ұқсас жаңалықтар