- Advertisement -

Ұлттық ұлан академиясына жаңа басшы тағайындалды

73

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұлан академиясы бастығының лауазымына Артур Тоқышев тағайындалды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамына Академияның жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың өзі таныстырды.

Сонымен қатар құқықтық тәртіп әскерінің Бас қолбасшысы Артур Тоқышевке тәжірибесі мол офицер деп мінездеме беріп, Академияның жаңа басшысына қойылған барлық міндеттерді лайықты орындайтынына сенім білдірді.

«Ұлттық ұланда полковник Артур Тоқышевті барлығы жақсы біледі. Ол 5513, 7552, 6654 әскери бөлімдерінің командирі болды. ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы болды. Артур Қалиақпарұлы Ұлттық ұлан үшін офицер кадрларын даярлау жөніндегі кадр саясатын қалыптастыруға және жүргізуге үлкен үлес қосатынына сенімдімін», деді Еркін Ботақанов.

Артур Тоқышев Ресей ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери командалық училищесінің курсантынан Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейін қызмет жолынан өтті. Әр жылдары Ұлттық ұланның 5513 (Тараз қаласы), 7552 (Алматы қаласы), 6654 (Қаракемер кенті) әскери бөлімдеріне басшылық етті. Ұлттық қорғаныс университетінің жедел өнер және тактика кафедрасының аға оқытушысы болды. 2015 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ аталған күні Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының жаңа бастығы – Дінмұхамед Мырзатаев та жеке құрамға таныстырылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support