- Advertisement -

35 жұмыс орны ашылды

98

- Advertisement -

МЕРКІ АУДАНЫ

Ауданда ел аумағындағы желілік «Zeta» жиһаз дүкенінің өндіріс зауыты жұмысын бастады. Бұған дейін аталған «Zeta» Меркі ауылында өз дүкенін ашса, бұл жолы өндіріс көлемін арттыруды мақсат етіп, өнімді аудан аумағында өндіруді жолға қойып отыр.

Аталған цехта кеңсе жиһаздары мен үй бұйымдары жасалып, жергілікті «Zeta» дүкеніне шығарылады. Сонымен қатар цех өнімдері Жамбыл және Түркістан облыстарының аймақтарына өткізілмек.

Жиһаз өндірісі зауытының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жорабек Баубеков мекеме жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, мекемеде 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support