- Advertisement -

Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы тағайындалды

279

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Зейнелов Нұрбол Қуантқанұлы Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Нұрбол Зейнелов 1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап әскери қызметте.

2011-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы;

2016-2017 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы;

2017-2018 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы;

2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметтерін атқарған.

І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталған. Үйленген, 3 баласы бар.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support