- Advertisement -

Таластықтар табысты оралды

74

- Advertisement -

Қазақ күресінен шеберлігін шыңдап жүрген балғын спортшыларымыз түрлі деңгейдегі жарыстардан жүлдесіз қайтқан емес. Бұл спортқа икемі бар жастардың талабы мен талантты тани білген жаттықтырушылардың табанды еңбегі деп білеміз.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы «Бала би баба» атындағы республикалық турнирде аудан намысын қорғаған шәкірттеріміз артқан сенімді ақтап, мықтылықтарын тағы бір рет дәлелдеп берді. Еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылардың басын қосқан бәсекеге аудандағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәжірибелі бапкерлері Досан Қалаубеков, Бауыржан Бекұзақов, Дәурен Қуатов бастап барды. Бұл жетістікке жас жаттықтырушылар Ақжол Мүбәрәк және Нариман Әйтенов де жоғары үлес қосты.

Төрт күнге созылған турнирге 250-ге тарта спортшы қатысып, 10 салмақ бойынша өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Өзара кім мықтыны анықтады.

Турнир қорытындысы бойынша 46 келіде Жандос Бақытұлы бірінші орынды иеленіп, алтыннан алқа тақты. Ал ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Жасұлан Рахат, Асылан Әуелбекке екінші орын бұйырды. Ерасыл Нұрлан, Темірлан Нұрлан және Жәңгірхан Майтан турнирді үшінші орынмен аяқтады. Республикалық турнирде бір ауданнан 6 жасөспірім спортшының жүлде иеленуі – үлкен табыс екені анық.

 

Нарбол НАРШАҰЛЫ,

журналист.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support