- Advertisement -

Ойшыұлына арналған ойшылдар ойыны

129

- Advertisement -

Меркі ауданының Құрметті азаматы Белхожаев Есбер Ойшыұлын еске алуға арналған аудандық ашық шахмат турнирін аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен ауданымыздың шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы федерациясы бірлесіп ұйымдастырды. А.Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжінде өткен шахмат турниріне Марат Бекбауов бас төрешілік жасады. Өз кезегінде, Есбер Белхожаевтың ұлы Ержан Белхожаев әкесіне көрсетіліп жатқан зор құрмет үшін турнирді ұйымдастырушыларға алғыс айтып өтті.

Жарысқа Алматы, Тараз қалаларынан, облысымыздың Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, сонымен қатар, Меркі ауданынан барлығы 40 ер және 4 әйел шахматшы қатысты. Қатысушылардың арасында 3 спорт шебері, 10-нан астам шахматтан спорт шеберлігіне үміткерлер болғанын ескерсек, аталған турнирдің өте тартысты өткеніне көз жеткіземіз. Турнир швейцариялық жүйемен 9 турда өтіп, әр ойыншыға 1 партияға 15 минут уақыт берілді. Ал жеңімпаздар тек соңғы турда анықталды. 8 турдан кейін 6,5 ұпаймен спорт шеберлері Шыңғыс Серікбай мен Айтқазы Баймұрзин алда келе жатты. Бірақ Шыңғыс Серікбай мен Бақытжан Кембаев екеуі 7 ұпайдан алып, алға озды.

Сонымен коэффициент бойынша 1-орынды Шыңғыс Серікбай, 2-орынды жерлесіміз Бақытжан Кембаев жеңіп алса, 3-орынға А.Баймұрзин жайғасты.

Жеңімпаздар мен 1-3 орын алған жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медаль, дипломдарымен марапатталды.

Әйелдер арасында тараздық Нұргүл Иманбекова жеңімпаз болса, 2-орынға жерлесіміз Ақерке Сейітқазиева ие болды. Ал 3-орынға Тараздан келген шахматшы Бибісара Абылайқызы көтерілді. Бұл спортшылар да орындарына қарай марапаттар алды.

Жарыстың өтуіне «Меркі» шипажайының директоры Серік Мақажанов, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-ның директоры Дастан Айтөленов демеушілік жасап, спортқа жанашырлықтарын танытты.

 

Әлихан НҰРАЛИЕВ,

журналист.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support