- Advertisement -

Жансая Әбдумәлік Үндістанда қола медалін иеленді

202

- Advertisement -

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдумәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола медалін жеңіп алды.

Үндістанда өткен тартысты бәсекенің жеңімпазы атанғанын шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Біз ең күшті құраммен ойнамасақ та, қыздар лайықты өнер көрсетті. Бұл әзірге олимпиададағы әйелдер құрамасының ең үздік нәтижесі. Олимпиаданың қорытындысы бойынша біз командалық әлем чемпионатына іріктелдік. Ол жақта бұдан да мықты ойнайтынымызға сенімдімін, — деп жазды Жансая Әбдумәлік әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Әйелдер құрамасының олимпиадағы нәтижесі:

  • Жансая Абдумәлік (22 жас) — бірінші тақта, 3-орын,
  • Бибісара Асаубаева (18 жас) — екінші тақта, 4-орын,
  • Ксения Балабаева (17 жас) — үшінші тақта, 16-орын,
  • Гулісхан Нахбаева (31 жас) — төртінші тақта, 11-орын,
  • Назерке Нұрғали (18 жас) — бесінші тақта, 8-ден кем ойын.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support