- Advertisement -

Ортағасырлық Тараз жәдігерлері музейімізде сақталған

74

- Advertisement -

Тараз қаласы – тарихтың даму барысында өзіндік ерекшелігі бар көне қалалардың бірі. «Көпестер қаласы» деген атқа ие болған еліміздегі ежелгі шаһары – кезіндегі түргеш, қарлұқ, қараханидтер секілді мемлекеттердің орталығы болған. Қаланың негізі шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда қаланған делінеді. Ал алғашқы жазба деректер б.з. VI ғасырына жатқызылады. Бұл кезеңдерде Тараз көптеген елдерді сауда жолы арқылы тоғыстыра білген Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалардың бірі болған. Ежелгі Шаш қаласынан (қазіргі Ташкент) тарайтын сауда жолының сілемінде Таразбен қоса, Меркі, Құлан, Аспара, Суяб секілді қалалар болған.

Ортағасырлық Тараздың бай мәдениетін айғақтайтын археологиялық артефактілер өте көп. Олар біздің облыстық тарихи-өлкетану музейінде де сақталған. Солардың кейбіріне тоқталатын болсақ: Киіз үйдің кішірейтілген үлгісі. Барлық белгілері бар: пішіні, есік, киіз үйді үш рет қоршап тұрған арқандар, кереге, тіпті жоғарыдағы түтіннің ашылуы дәлме-дәл бейнелеген. Оның түбінің диаметрі – 18 сантиметр, биіктігі – 14 сантиметр. Ежелгі Тараз қалашығында IX-X ғасырға жататын қабатынан табылған. «Киіз үйдің» ішкі қабырғаларында қырман іздері бар. Бұл заттың тұрмыстық пайдаланылуы қандай? Ғалымдардың пікірлері осы мәселе бойынша бөлінеді. Кейбіреулер бұл қала тұрғындары бұрынғы көшпенділер «отбасының ошағын» сақтайтын діни атрибут деп санайды. Басқалары, бұл шырағдан әдеттегі шамның қызметін атқарған деп санайды.
Құты алмұрт тәріздес, мойын жағы ұзын етіп жасалған. Жоғарғы бөлігі қасқырдың бейнесінде. Мойны мен бүйірі өрнектелген. Көздері мыстан шығынқы етіп жасалынған. Тұтқасы мен қақпағы жоғалған. Х-ХІ ғасырға жатады. 1951 жылы Байзақ ауданынан кездейсоқ табылған.
Қозғалыста тұрған әйелдің мүсіні, сол қолы шынтағымен бүгіліп басына қойылып соғылған. Сол қолының білегінде білезіктер орналасқан. Белді лотос бейнеленген кең дөңгелек белдеулі қапшықты бүктеме орап тұр. Шашы тығыз иыққа түсіп тұр. Аяқтарының төменгі бөлігі сынған. Жамбыл қаласының стадионының құрылысы кезінде, дөңгелек қола табақшалары кешенінде 1,5 сантиметр тереңдікте кездейсоқ табылған. Қола дәуірге, ІХ-Х ғасырға жатқызылады.
Сфера пішінді, қыштан жасалған. Жұмыртастың мойны, ернеуі жоқ. Жұмыртастың бүйірімен табанында дөңгелене сызықтар түскен. Табаны үшкір. Жұмыртастың сырты ұрылған, сырылған. Сырты тегіс емес. 2011 жылдың сәуір айында «Археологиялық сараптама» жасайтын мекеменің басшысы, археолог Д.А. Воякиннің басшылығымен жасалған археологиялық қазба жұмыстары кезінде Тараз қаласының орталық базарынан табылған жәдігер. Х-ХІІ ғасырға жатқызылады.
Жұмыртастар дәрілік заттарды, сынапты, әтірді сақтауға және тасымалдауға көптеп қолданылған. Міне, біздің музей осындай аса бағалы жәдігерлердің сақталуымен де құнды.

Зарина Дүкенбаева, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support