- Advertisement -

Мерекелік достық әзілдер

65

- Advertisement -

Республикалық
«Егемен Қазақстан» жалпыұлттық газетінің тілшісі
Табиғат Абаилдаевқа

Тек алға бас іркілме,
Аппақ тілек менікі.
«Егеменнің» бұл күнде,
Сайты да сенікі,
Газеті де сенікі.

Өсіп-өндір өзіңді,
Келінді күтіп ана жүр.
Компьютерден бөлек көзіңді,
Қыздарға да сала жүр.

Облыстық
«Jambyl» телеарнасының «Қайырлы таң!» бағдарламасының жетекшісі
Қымбат Қаржауқызына

Жұмысың үздік сенің де,
Жылдарға жылды жалғайсың.
Азанмен бүкіл өңірге,
«Қайырлы таңды» жолдайсың.

Еңбегің әркез сөз болса,
«Алтыншы күннің кеші» бар.
Оның бәрі аз болса,
Түс мезгілін қосып ал!

«Шу өңірі» газетінің
бас редакторы
Ерғали Қартайғанға

Мақалаңа сан ағай,
Сүйсінсе, алғыс көп алдың.
Жастығыңа қарамай,
Бас редактор боп алдың.

Бильярдта да бай көңіл,
Ұрсаң, көздеп бір ұршы.
Қай кезде де әйтеуір,
Болып жүрсің бірінші!

«Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы
Уәлихан Жайлауға

Әнші болып шын лезде,
Елді аузыңа қараттың.
Мойынқұмнан бір кезде,
Ақпарат та тараттың.

Оның бәрін доғардың,
Мойынқұмға дарасың.
Бас редактор боп алдың,
Болам десең, боласың!

Мерекелік достық әзілдерді
әзірлеген достарыңыз
Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support