ИМ Кобанидегі позицияларынан айырыла бастады

ИМ Кобанидегі позицияларынан  айырыла бастады
ашық дереккөз
ИМ Кобанидегі позицияларынан айырыла бастады

Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласын радикалды “Ислам ұйымының” содырларынан қорғап тұрған күрдтердің әскери басшылығы экстремистер қаланың жекелеген аудандарынан шығарыла бастады.

Соңғы деректерге қарағанда, халықаралық коалиция күштері жасап жатқан әуе соққыларынан содырлар шегініп, қазір олар қаланың 20 пайызға жуық аумағын ғана ұстап отыр. Мұның алдында содырлар Кобанидің 40 пайызын басып алды деген ақпарат болған еді. АҚШ бастаған коалицияның әуе күштері соңғы күндері “Ислам мемлекетінің” позицияларын бомбалауды күшейткен. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, 15-16 қазан күндері әуеден 14 соққы жасалған. Пентагон бұған дейін әуе шабуылдарынан жүздеген содырдың мерт болғанын мәлімдеп, бірақ әлі де қаланы содырлар басып алуы мүмкін екенін ескерткен.

Ұқсас жаңалықтар