«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Робототехника – жаңаша білім беру бағыты

Робототехника – жаңаша білім беру бағыты
ашық дереккөз
Робототехника – жаңаша білім беру бағыты
Біздің болашағымыз – жастар. Оларға сапалы да саналы білім, жақсы тәлім-тәрбие беретін оқытушы құрамы. Мұғалімдер құрамы заманның озық технологиясын тиімді пайдалана отырып, дәріс беруде. Өңірлік университеттің информатика және электроника пәнінің ұстаздары студенттердің робототехника бағытында жұмыс істеуіне негіз салуда. Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін студенттердің базалық білімін және дағдысын қалыптастыру маңызды. Бүгінде бұл робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге сүйенеді. Робототехника бойынша түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, студенттер мен оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде робототехника саласы бойынша III облыстық байқау өткізілді. Оған 120-дан астам оқушы мен студент қатысты. Байқауды М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы Г.Мұратова ашып, оқушылар мен студенттерге сәттілік тіледі. Байқау мақсатының бірі – қолданбалы және ойын-сауық сипатындағы роботтар үшін арнайы бағдарламаларды жасау, құрастыру. Байқау «Шеңбер бойымен жарысу», «Кегельринг квадро» және «Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша жасау» номинациялары аясында өрбіді. Байқауға жалпы жетекшілікті «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі Мұхтар Шардарбекұлы жасаған еді. – Студенттер «Робототехника» аудиторияларында роботты техниканың негізі Arduino микроконт роллерінің құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын меңгереді. Мәселен, кафедра зертханаларында «IP – телефония», «БЛК-Siemens+», «Ауқымды желілер», «GPS-NOTE 3 жерсеріктік навигация жүйелері», «Супергетеронды ти п ті ради оқабылдағ ыш құрылғылары», заманауи өлшеу құралдары, робототехникалық жабдықтағы басқарушы және атқарушы құрылғылар – әмбебап зертхана лық қондырғылар, тағы басқа қондырғылармен жабдықталған. Мехатроника мен робототехника бағыттары біздің университетте дамып келеді. Мысалы, бүгінде мектеп оқушылары мен студенттер арасында жарыстар өткізіліп жатыр. Бұл саладағы оқытушылар өздерінің бар білімі мен күшін бағдарламалау негіздерін түсіндіру үшін жұмсайды және кафедра оқытушылары білім беру үрдісінде өз деңгейлеріне ғана назар аударып қоймай мектеп пен колледж оқушылары арасында талантты жастарды іздестіруде. Ол үшін университет төрт жыл қатарынан робототехника бойынша байқау өткізіп, жеңімпаздарға оқу грантын табыстауда, – деді ол. Байқау қорытындысында үш номинация бойынша бірінші орыннан мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының оқушылары Жамбыл Мағжан, Шаяхмет Мирас, техникалық шығармашылық орталығының оқушысы Лазарь Колпаков, Байзақ ауданы, А.Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Ақын Нұрға лым көрінді. Екінші және үшінші орыннан көрінген оқушылар да аз болмады. Барлық қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айман ӘБІЛДАЕВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы

 

Ұқсас жаңалықтар