Мемлекеттік қызметке тестілеуден өту жолдарын білесіз бе?

Мемлекеттік қызметке тестілеуден өту жолдарын білесіз бе?
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметке тестілеуден өту жолдарын білесіз бе?
Мемлекетке қызмет ету, елдің ертеңі үшін аянбай тер төгу әр қазақстандықтың парызы. Сонымен қатар атқарған қызметі үшін, артта өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін маңызды реформа, сындарлы саясатқа араласу ол міндет. Жаңадан университет бітіріп енді жұмысқа орналасу үшін құжат жинастырып жүрген азаматтарға ең бірінші  «мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» қызметі бойынша қызметке жүгіну керек болады. Ол үшін, жас маман ретінде онлайн алу үшін, электрондық үкімет порталында төмендегідей қарапайым қадамдардан өту керек:
  1. Порталда авторизацияданөтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚталап етілмейді).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
*Аталмыш қызмет кәмелетке толған адамдар және зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар үшін қол жетімді. Қызмет түріне өтініш беріп, қолхат алғаннан кейін тест кезінде келетін заңдарға дайындалу қажет, өзі көрсеткен күні толық дайындықпен барып, сапалы тесттен өтіп оң нәтижеге қол жеткізген дұрыс болады, егер тесттен өтпей қалған жағдай болатын болса тестілеу орталығының мамандарының айтуы бойынша басқа күні жазылып келіп тапсырса болады.

А.Искаков,

 ХҚК бойынша Тараз қалалық №2 бөлім  басшысының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар