Алаңдамай демала бер, арысым!

Алаңдамай демала бер, арысым!
ашық дереккөз
Алаңдамай демала бер, арысым!
...Халық Қаһарманы, желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбековке ату жазасына үкім шыққанда ақын Бауыржан Үсеновтің жүрегі езіліп, бас көтермей жатып қалды. Кейіннен камерада қайдағы бір қанышердің қолынан мерт болғанын естігенде жер бауырлап, бас көтермей қойды. Жүрегіндегі шерін есіл ер бұған дейін газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде жарияланған «Желтоқсан» поэмасын жазып тарқатқандай болды. Онда күрескер ақын өзі де бел ортасында болған, Брежнев алаңындағы қасіретті суреттейді,  Қайрат рухымен сырласады. Батыр ақын мен тергеуші арасындағы диалогты өлеңмен өреді. Онымен де тоқтамай «Қалыңдықтың жоқтауы» өлеңін жазды егіліп. Бұл жолы да Бауыржан ақын Қайраттың сүйген жарының мұңы мен шерін, азалы жоқтауын тағы да өлеңмен тарқатады. «Желтоқсан» поэмасы мен осы өлеңін сиясы кеппей жатып оқып бергенде алаңда бірге атой салған досым екеуміздің де жанарымыз жасаурап, қасіретті күндер тізбегі көз алдымызға келіп еді. Желтоқсандықтар қуғын-сүргінге ұшырап, Қайрат батыр темір торда белгісіз жағдайда мерт болғанда мұндай поэма мен өлең жазу үшін де асқан талант пен батылдық қажет. Қайраттың анасы болып тағы да «Құдайға мұңын шаққан ана зары» атты өлеңін жазды. «Aq jol»-дың алдағы нөмірлердің біріне Бауыржан ақынның ол өлеңін де ұсынармыз. Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтан ашылған «Желтоқсан-86» орталығында жамбылдық желтоқсаншылардың суреті ілінген тақтада да екеуінің суреті бастап тұр. Әттең, екеуі бірдей  аңсаған азаттықты көре алмай, мезгілсіз мерт болулары жүректі сыздатады. Осы орталықтың алдындағы Тәуелсіз елдің жас желкенін отансүйгіштікке, патриоттық рухқа үндейтін алға ұмтылған Қайрат батырдың еңселі ескерткішіне тәу етіп, гүл шоқтарын қойып жатқан жастарды көргенде тәуба дейсің, Тәуелсіздіктің ғұмырлы болуын тілейсің. Қазақ сынды қара ормандай ел барда, сендер бірге жасай бересіңдер!

Қалыңдықтың жоқтауы

Бауыржан Үсенов Қанды алаңда тосты сені Қосабаң, Қайран өлім, талай пәле тос одан. Жынын құсқан Желтоқсанға обалың, Менің аттай алмай қалған Босағам. Ақ гүл едім, гүл көктемде аруақтай                                                       арыдым, Өткен сынды түйсігім мен танымым. Жанарыңда өмір, өлең толы еді, Неге ертерек сөніп қалдың, жарығым. Құшағыңда балқып едім аз ғана, Ерінімнен сүйгізіп ем наздана. Есімді алып, дірілдеме қос анар, Сорлы сезім бойымды өртеп маздама. Қыпша белім нені аңсайсың сен енді, Қыздырмайды қаным суық денемді. Мен тұманда мәңгі-бақи жоғалттым, Желкенін жел кернеп жүзген кемемді. Былығы көп тіршілікке кекті едің, Сұңқарым-ай арманыңа жетпедің. Ең болмаса ғұмырыңды жалғайтын, Құрсағыма өмір сеуіп кетпедің. Дақ түсірдім деп ойламай салтыма, «Олжабай» деп жасырмастан артыма. Бұл Қайраттың тұяғы деп ұялмай, Асқақтықпен көрсетер ем халқыңа. Қылмыскер тиеп батыстан этап келеді, Шұбырған состав шабан тұғырдай   желеді. Сол жігіт үшін тау етегіндегі қалада, Желбіреп тұрды қайран үміттің желегі. Торлы вагонға есебін тауып жел кірді, Сол дала желі құтыласың деп сендірді. Қасыңа салған серігіне де қарамай, Торлы тесіктен қиырға қарап телмірді. Біздің Отанда халық қыруар, түрме                                                               мол, Жазықсыздар да, қылмыскерлер де                                                    күн көрер. Өкпені қысқан екі кісілік купеге, Сол адамменен ажал кіргенін                                                  білмеді ол. Ақын мен жендет сайқал тағдырдың                                                         мазағы, Ех, өлі қанша қанды парақтар жазады. Ақын отырды арманды әуенін ыңылдап, Жендет отырды ысқырып бір күй                                                            азалы. Доңғалақ біткен келе жатты айтып жол                                                         жырын, Қасыңда отыр басыңды жұтар, сор,                                                          жылым. Әрине бүгін ешкімде бізге айтпайды, Өлтіруге оны тапсырма алды сол                                                          зұлым. Ех, Қайрат, Қайрат, ақкөңіл бауырым,                                                         күнәсіз, Неліктен менің көз алдымда ылғи                                                       тұрасың. Түйсік айтады, ел де айтып жүр                                                       ашықтан, Сені жоюға тапсырма болған шүбәсіз. Сол бір оқиға салынды талай елекке, Сенетін болсақ адвокат айтқан дерекке. Толқуды тастап, орден қадаған                                                  «сұмдарға», Қылмыстарының ізін жасыру керек те. Өлең жазамыз өкпелеп бүгін үмітке, Орындалмасаң кепкен көндерді                                                         жібітпе. Қалғып кеткенде, қапысын тапқан                                                       қан ішер, Сасық майкасын тұзақ қылып салды                                                       жігітке. Ех, Қайрат, Қайрат қапаста алты ай                                                    қан іштің, Иттер қамаған арлан қасқырдай                                                  қарыстың... Бостандық түсіне кіріп жатты ма                                                             екен, Дұшпан ұйқыдан оянбай кеткен                                                       арыстың, Арманда кеткен арыстың. Аспаның бұлттан ашылса екен                                                       толайым, Алаңға сонда ақ көгершін боп қонайын. Тұман көлбеген Ата Мұраттың                                                       жолында, Сен үшін өлген соңғы құрбандық                                                       болайын. Мұратыңнан енді көшіңнің басын                                                       бұрмағын, Сұңқарың өсіп, азая берсін сұмдарың. Аманат саған, соға алмай өткен                                                       дауылым, Көкірегімдегі жазылмай кеткен                                                   жырларым Аманат, халқым, аманат... Көз жасымды құйып құтыға, Қабіріңе құям оны жұтып ал. Шиебөріше қайғы мені талайды, Одан жол да іздемеймін құтылар. Табандарға тапталмайды намысың, Алты алашқа аян болды дауысың. Қасыңда тұр сертке берік жесірің, Алаңдамай демала бер, Арысым! Мен өзіңді жүрегіме жерледім, Алаңдамай демала бер, Арысым!

Амангелді ӘБІЛ

Ұқсас жаңалықтар