Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңір тұрғындарына Үндеуі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңір тұрғындарына Үндеуі
ашық дереккөз
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңір тұрғындарына Үндеуі

Вакцинация -   қалыпты өмірді қалпына келтірудің   жалғыз жолы 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңір тұрғындарына

Үндеуі

  Құрметті жерлестер! Өкінішке орай, біздің аймақта эпидемиологиялық жағдай тез нашарлауда, коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Бұл жағдай жамбылдықтардың бетперде киюді доғарып, қашықтықты сақтауды тоқтатуына байланысты өршіп тұр. Кей жерлестеріміз үйлену тойларын, мерейтойларды және басқа да іс-шараларды адамдар көп жиналатын жерлерде өткізуді жалғастыруда. Шектеу шараларына қарамастан, оқу орындарының түлектеріне салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру фактілері жиі орын алуда. Вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін біз азаматтарымыздың денсаулығын барынша қорғауымыз керек. Осы мақсатта  облыста жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Бұл барлық егжей-тегжейлі ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізіледі. Алдағы уақытта ойын-сауық мекемелері, спорт және мәдениет объектілері, базарлар мен қоғамдық көлік қосымша шектеулермен жұмыс істейтін болады. Барлық осы қауіпсіздік шаралары, ең алдымен, Сізді және сіздің  жақындарыңыздың денсаулығын, өмірін сақтауға бағытталған. Жергілікті атқарушы органдар  облыс бойынша полиция департаментімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында, қоғамдық орындарда карантиндік шектеулердің сақталуын бақылауы тиіс. Тәртіп пен табандылықтың арқасында осы уақытша қиындықтарды жеңетінімізге күмәнім жоқ. Осы сәтті пайдалана отырып, азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, санитарлық талаптарға мұқият қарауға шақырамын. Сондай-ақ, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы тағы да еске салғым келеді. Бүгінгі таңда біздің облыста 283 мың адам ғана вакцина алды. Науқастардың 99 пайызы екпеден өтпегендер. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, жалпыға бірдей вакцинация - бұл қалыпты өмірді қалпына келтірудің және адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз жолы.

Ұқсас жаңалықтар