Қапал ауылы интернет желісіне қашан қосылады?

Қапал ауылы интернет желісіне қашан қосылады?
ашық дереккөз
Қапал ауылы интернет желісіне қашан қосылады?
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданы әкімінің тұрғындар алдында берген жылдық қорытынды есеп беру жиынына қатысты. Халықпен кездесуде аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданның 2020 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы баяндады. Сəкен Қаланұлының айтуынша, ауданда өнеркәсіп өнімдері 0,5 пайызға жоғарыласа, негізгі капиталға салынған инвестиция 1,7 миллиард теңге артқан. Ал ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 43,8 миллиард теңгені құрап, ол 6,5, егіншілік – 27,8, мал шаруашылығы – 15,8 миллиард теңгеге өскен. 10,7 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өсім 1,8 миллиард теңгені құраған. Бүгінде ауданда 1019 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 76 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үй салынған. Енді биыл 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек, кезекте тұрған 11 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту көзделген. Биыл ауданда 1882 отбасына жер телімін беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында 12 елді мекеннің 61 көшесі, 1 аудандық мәндегі автомобиль жолы жөндеу көрген. «Ауыл ел – бесігі» жобасымен 5 ауылдың 8 жолы жөнделіпті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 23 жоба қаржыландырылып, көптеген жұмыстар атқарылған. Бақша өнімін өндіру де ауданда дұрыс жолға қойылған. Мәселен, жеті елді мекенде орналасқан 77 жылыжайдан 1487 тонна қияр, 400 тонна қызанақ, 49,6 тонна басқа да бақша дақылдары жинап алынды. Алқаптарға тамшылатып суару жүйесін енгізген 11 шаруа қожалығы 70 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек жинаған. Қазіргі таңда ауданда 112 қойма жұмыс істейді. Онда 27431 тонна көкөніс сақтаулы тұр. Бұдан бөлек, суармалы егіс алқаптарын ұлғайту мақсатында 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша суармалы алқап көлемін 14556 гектар алқапқа арттырмақ. Игерілмей жатқан егістік алқаптарын анықтау мақсатында ғарыштық түсірілім жасалған. Соның нәтижесінде игерусіз жатқан 3 327 гектар алқап анықталып, жер қорына қайта алынып, оның 9696 гектары конкурс арқылы қайта айналымға қосылды. Мал басының артуы өңір динамикасының жоғарылауына оң септігін тигізген. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара 3,3 мың басқа, қой-ешкі 25,2 мың басқа, жылқы 2,4 мың басқа, үй құстары 0,8 мың басқа өскен. Соның есебінен ауданда 10,1 мың тонна ет, 42,4 мың тонна сүт өнімдері өндірілген. Өндірілген жұмыртқа 67,5 миллион дананы құрады. Қазір 6370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы мен тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде. «Жамбыл Ет MS» ЖШС мал бордақылау алаңын ашып, Ирландия мемлекетінен 1 миллиард теңгеге 1000 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал сатып әкелінген. Ауданда лизинг жүйе сімен 432,2 миллион теңгеге 97 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, ауыл шаруашылығы техникасы паркі он пайызға жаңартылды. Жиынның сұрақ-жауап бөлімінде залдан және онлайн режімде аудан тұрғындарынан сұрақтар қойылды. Мәселен, онлайн режімі арқылы Жасөркен ауылының тұрғыны Наурыз Талғатов сұрақ жолдапты. Ол «Жасөркен ауылы маңайындағы суармалы егістікке ағын су жеткізе алмай отырмыз. Неге су жинау әдісін қолға алмасқа? Тау бөктерінен ылдилап келетін ағынсудың алдын бөгеп, су қоймасын салуға болмай ма?» – депті. Осы ауылдың тағы бір тұрғыны Наргиза Кулбаева «Жер телімі қашан беріледі?» деген сұрағын жолдапты. Қаракемер ауылының тұрғыны Орынбасар Затыбеков «Ауыл маңайында шөп те, жайылым да жоқ. Жүздеген гектар жайылымды жекешелендіріп алған азаматтар жеріне не егін екпейді, не мал жаюға рұқсат бермейді. Жайылым мәселесі қашан шешіледі?» – десе, Қапал ауылының тұрғыны Бейбарыс Үмбетпай «Біздің ауыл қашан интернет желісіне қосылады?» – деп балаларының онлайн режімінде оқи алмай отырғанын айтқан. Аудан басшысы алғашқы сұрақ бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, содан кейін бұрынғы су науалары мен құбырларды жаңарту жұмыстары қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ ол ауылдан биыл 222 жер телімін беру жоспарланғанын жеткізді. Мал жайылымдары бойынша анықтау жұмыстарының басталып кеткенін, Қапал ауылына биыл байланыс мұнарасы орнатылып, бұл мәселе жуырда шешімін табатынын айтты. Б л о г е р И с л а м б е к Д а с т а н ауд а н көрсеткіштері үш индикатор бойынша орындалмай қалғанының себебін сұрай келіп, аудандық полиция қызметінің жұмысын сынға алды. «Мектептерде полиция инспекторлары жетіспейді. Аса мен Тараз қаласының ортасында ағылған көліктердің жол ережесін жиі бұзатынын ауданның бас полицейі неге қадағаламай отыр?» – деді ол. Индикаторлардың өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласына тиесілі екенін айтқан аудан басшысы бұл бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Полиция қызметі бойынша қойылған сұраққа аудандық ІІБ-нің басшысы Талғат Татенов жауап бере кетті. Оның айтуынша мектептерге полиция инспекторы расында жетіспейді екен. Дегенмен 4-5 мектепке бір полицей бекітіліп жұмыс істеуде. Аудан тұрғындарынан түскен барлық сұраққа аудан әкімі Сәкен Арубаев сауатты, нақты жауап берді. Жиынға қатысушылар аудан әкімінен бөлек облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа да сұрақт арын қойып, ұсыныстарын айтқан еді. Соның бірі Қаракемер ауылының тұрғыны Ошақбай Ы б ы р а й ы м о в . « С і зд і ң к ө м е г і ң і зд і ң нәтижесінде ауылымызда көптен күткен мәдениет үйі ашылды. Ауылға табиғи газ тартылып, бүгін соның игілігін көріп отырмыз. Енді бізге өзіңіз уәде еткендей спорт кешенін салып берсеңіз», – деді ол. – Уәде бергеннен кейін оны орындаймыз. Қаракемерге барғанда балалардың далада футбол ойнап жүргенін көрдім. Сіздердің ауылдан елге танымал талай спортшының шыққанын жақсы білемін. Тұрғыны көп ауылдың жастары жазда ғана емес қыста да спортпен шұғылдансын деп спорт кешенін салып береміз дегенбіз. Биыл ол кешеннің құрылыс жұмыстары басталады», – деді Бердібек Машбекұлы. Шоқай ауылының тұрғыны ауыл мектебінде оқушылардың үш ауысымда оқып жатқанын айтып, мектеп соғып беруін сұрады. «Ол мектептің жағдайымен таныспын. 150 орындық мектеп салуға жоспарланған 850 миллион теңге тым көп. Жобаны қайта қарау үшін ол кейінге шегерілді. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Президент айтқандай алдағы уақытта біз үш ауысымды мектептерді толық жоятын боламыз. Мектеп соғылады», – деді аймақ басшысы. Бердібек Машбекұлы аудан тұрғындары тарапынан қойылған басқа да сұрақтарға жауап берді. «Бүгінде әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан мемлекеттің көмегімен қиындықтардан шығып келеміз. Жергілікті билік халық алдындағы өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін о р ы н д а д ы . І н д е т ке з і н д е 5 3 4 м ы ң жамбылдыққа 49 миллиард теңге көмек берілді. Сіздердің аудандағы бір ғана Гродекова ауылында 20 көше жөнделген. Бұл мемлекеттің індет кезінде өз халқына көрсетіп отырған үлкен көмегі. Ендігі кезекте халық болып, билік болып, өткен жылы басталған жұмыстарды бәсеңдетпей жалғастыруымыз керек. Мемлекетіміздің жасап отырған мүмкіндігін пайдалануымыз қажет. Жер халыққа жұмыс істеуі тиіс. Сұранысқа ие дақылдарды еккен жөн. Мал басын жылына 5-6 пайызға көбейткенде экономика өседі. Қазір біздің етіміз де, сүтіміз де өзге аймақтарға кетіп жатыр. Соны өзімізде өңдейтін болсақ, өңірдің дамуында үлкен өзгеріс болар еді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу аз. Кәсіпкерлік жақсы дамуы керек. 4 мың шаруа қожалығы бар, аудан үшін бұл өте көп. Әрбір ауылда бір-бір холдинг құрып, шаруашылықтар іріленуге жұмыс істеуі керек», – деп Бердібек Машбекұлы жиынды қорытындылады.

Марат Құлибаев

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар