Жол-көлік оқиғасы қателікті кешірмейді
Гвардейск гарнизонында гарнизон бастығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Есет Төлеуішов әуесқой автокөлік жүргізушілер құрамына нұсқаулықтар жүргізді. Шара барысында санитарлық талаптар ескеріліп, арақашықтық сақталды.
Нұсқаулыққа гарнизонның барлық әскери бөлімдерінің жеке автокөлігі бар әскери қызметшілері мен ҚК қызметкерлері қатысты. Шара барысында жеке автокөлік иелеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулар жүргізіліп, нақты талаптар қойылды. Сонымен қатар қызмет бабындағы әскери техникалардың және жеке автокөлік иелерінің құжаттары белгіленген тәртіппен тексерілетіні туралы ескертілді.
Іс-шараға Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полиция бөлімшесінің өкілі майор Еркін Игисинов жеке автокөлік иелеріне жол-көлік оқиғалары туралы мысалдар келтіре отырып, жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқау жүргізді. Сондай-ақ, орталық бақылау өткізу пункті арқылы гарнизонға кіріп шығатын барлық автокөліктердің тексерілетіні туралы айтып өтті.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов
![width=](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2021/01/img-20210107-wa0002-300x200.jpg)
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді