- Advertisement -

Әскерлер қызметі қырағылықты қажет етеді

71

- Advertisement -

 

Әскери қызметшілер әрдайым қырағылықта болып, елімізді және жерімізді қорғауға дайын.

Гвардейск гарнизонында гарнизон бастығы полковник Талған Оразәлиев мырза тәуліктік жасаққа түсетін жеке құрамға нұсқаулықтар жүргізді. Шара барысында санитарлық талаптар ескеріліп, арақашықтық сақталды.

Нұсқаулыққа гарнизондық жасақ пен әскери бөлімдердің тәуліктік жасаққа түсетін барлық жеке құрамы қатысты. Жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының «Ішкі қызметінің жарғысына» сәйкес барлық талаптар жеткізілді. Сондай-ақ, тәуліктік жасақ жеке құрамынан міндеттері сұралды.

Айта кетейік, таралым барысында тәуліктік жасаққа түсетін жеке құрамға командирлердің орынбасарлары мен әскери бөлімдердің психологтары, сондай-ақ, қару-жарақ қызметінің бастықтары, өртке қарсы қызмет бастықтары, бөлімшелердің старшиналары және тағы басқа лауазымды тұлғалар нұсқаулықтар жүргізіп, оларды қадағалайды. Әскери бөлімдердің кезекші фельдшерлері де жасаққа түсетін әр әскери қызметшінің денсаулық жағдайларын тексеріп, арыз-шағымдарын сұрайды.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

майор Жомарт Тажиханов

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support