- Advertisement -

Жалған парақша ашып, «алтын сатқан»

37

- Advertisement -

Таразда интернет желісіндегі алаяқ әйел жазасын тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық ПБ 2-ПБ-мен, бірнеше азаматтардың арыздары бойынша Тараз қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілген. Тараз қаласының тұрғыны 2019 жылдың қыркүйек айында ғаламтор желісінде “Instagram” парақшасына “Золото-585” жалған сайтын ашып, алтын сататын бұйымдары жоқтығына қарамастан, 2020 жылдың наурыз айына дейін оған түрлі алтын бұйымдардың жалған суретін қойып, жеңілдіктермен арзан бағада сатылатынын көрсеткен.

Осыдан кейін ол өзінің “KaspiGold” есеп шотына Тараз, Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларының тұрғындарынан ақшалай қаражат аудартып алып, ғаламтор желісіндегі парақшада оларды қара тізімге енгізіп, шектеме қойып, алдап-соғып, қаржыларын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында, тергеушілермен қылмыс жасаған адамның әрекеттері әшкерленіп, оның кінәсі толықтай дәлелденді. Тараз қалалық №2 сотының үкімімен, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдап немесе сенімін теріс пайдалану жолымен Республикамыздың бірнеше облыстардың тұрғындарын мүлкін жымқыруды бірнеше рет жасағаны үшін 30 жастағы әйел сотталды.

– Осыған байланысты Жамбыл облысы Полиция департаменті облыс және қала тұрғындарынан, ғаламтор желісіндегі парақшалардағы, сайттардағы жарнамалар бойынша әлде қандай іс-әрекет жасар алдында, толық тексеруді сұрайды, – деп хабарлайды Тараз қаласы 2-ПБ бастығының орынбасары Ж. Мамбеткулов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support