Жаңалықтар
Мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталады
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2020
- 90
Мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталады
Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталатынын жария етті.
Айта кетсек бұған дейін Ресей астанасы Мәскеуде мектеп оқушылары күзгі каникулға мерзімінен бұрын шығатыны хабарланған еді. Ізін ала әртүрлі мессенджерде ақпарат шығып, Қазақстанда да оқушылар каникулға ерте шығатыны жайлы мәлімет тараған болатын.
Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушылары үшін күзгі каникулға жоспарға сәйкес шығатынын хабарлайды. Нақтырақ айтқанда оқушылар күзгі каникулда - 5-14 қараша аралығында демалады.
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді