- Advertisement -

4 мың долларға алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды

48

- Advertisement -

Үндістанда коронавирус індеті кезінде өзіне алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды. 

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында кәсіпкер Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болды.

Шілде айында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары күніне бір келіге жуық алтын әшекей тағатын 49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 грамм болатын алтын маскаға тапсырыс бергені туралы ақпарат таратты. Ерекше масканы жасауға шеберлер 8 күн жұмсаған.

— Бұл — тыныс алуыма мүмкіндік беретін ұсақ тесіктері бар жұқа маска. Ол коронавирустан қаншалықты тиімді қорғайды, ол жағына қатты сенімді емеспін, бірақ мен басқа да сақтық шараларын қолданып жатырмын, — деген еді ол кезде Кураде.

Кәсіпкер ерекше маскаға шамамен 4 мың АҚШ долларын шығындапты.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support