Жаңалықтар
Қордайда вакцина шығаратын зауыттың құрылысы қалай жүріп жатыр?
- author «Ақ жол»
- 29 қыркүйек, 2020
- 279
Қордайда вакцина шығаратын зауыттың құрылысы қалай жүріп жатыр?
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Қордай ауданының Гвардейский кентінде Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты.
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Гвардейск әскери қалашығы маңайындағы аумақта салынып жатқан иммундық-биологиялық препараттар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың құрылысымен танысты.
Осындағы аталған зауыттың мамандары мен жұмысшыларына арналып салынып жатқан 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысын көріп, баяу жүріп жатқан жұмысқа көңілі толмады. Бұл құрылыс уақытынан екі аптаға кешігіп келеді.
«Құрылыс қарқынын арттыру керек. Ол үшін жұмысшыларды көбейту қажет болар. Алдағы дүйсенбіде бұл құрылыста 60 адам жұмыс істейтін болсын», - деп әкім құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровқа, аталған құрылысқа жауапты ЖШС басшысы Рахманқұл Байтелиевке нақты тапсырма берді.
Облыс әкімі биофармацевтикалық зауыттың құрылысына жауаптылармен шағын кеңес өткізді. «Мен бұл зауыттың уақтылы аяқталуы жөнінде Президенттің алдында уәде бердім. Сіздер маған уәде бергенсіздер. Сол мүддеден шығып, сөзімізде тұрғанымыз жөн. Қаржыдан мәселе жоқ. Құрылыс қарқынын арттырыңыздар», – деді ол.
Айта кетейік, аталған зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығармақ. Қазір институттың коронавирус індетіне қарсы кандидаттық вакцинасы ДДҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде. Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.
Ұқсас жаңалықтар
Паралимпиада жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиге құрмет көрсетілді
- 13 қыркүйек, 2024
Елімізде АЭС құрылысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді
- 12 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді