- Advertisement -

Жарқын із қалдырған ардақты азаматтар ұмытылмауы тиіс

79

- Advertisement -

 

«Ақ жолда» газетінде жарияланған «Жұртына жанашыр, ойы озық ірілерді інілері ұмытуға бола ма?»  атты сұхбат  тасада қалып бара жатқан тұлғаларды жарыққа шығаруымен қуантты. Бір ғана дүниеде облыстың экономикасы мен әлеуметтік жағдайының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан алдыңғы толқынның өнегелі ісі бүгінгілерге үлкен үлгі.

Өмірден өткендердің ішінде Әлихан Комратов көкемізден басқасының денін өзім көрдім.  Мейрамбек айтып отырғандай, әрқайсысы өз алдына бір-бір тұлға еді. Бір сұхбатта солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың ұйымдастырушылық-іскерлік қасиеттерін, адами асыл болмысын ашып беру мен деген журналистің ғана қолынан келетін шеберлік. Мейрамбек сөйтті. Облыстың 80 жылдық тарихында   жарыққа шықпай жатқан небір әйгілі азаматар бар әлі де.  Соларды бүгінде арамызда аман-сау жүрген алдыңғы толқынның есіне салып, тәуелсіз елдің жас ұланына жеткіземін деген жас журналистер, тарихшылар шығып жатса осы Мейрамбек ағалары берген мына сұхбатты оқып шығып, зерделеріне құйып алса деймін. Өмір деген өте береді, ұрпақ ауысады. Бұл заңдылық. Сондықтан да  ел үшін өлшеусіз тер төгіп, жарқын із қалдырған ардақты азаматтар ұмытылмауы тиіс. Сонда олардың рухы шат болып, өздері көсегесін көгерткен ел-жұрты жебеп жатады. Арамызда аман-сау жүрген асыл жандарды да ұмытпай ерен еңбегін еске салып тұру да қажет.

Болат ЖАППАРҰЛЫ, ардагер журналист.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support