- Advertisement -

Көп айтыла бермейтін тұлғалардың бейнелерін тірілтті

118

- Advertisement -

 

Күні кеше ғана «Ақ жол» газетінде жарық көрген белгілі журналист Амангелді Әбіл мен республикаға танымал қаламгер Мейрамбек Төлепбергеннің тұщымды сұхбаты мені бей-жай қалдырмай, қолыма қалам алдырды. Басылым бетінде бұл тәрізді елең еткізер дүниелер әр кезде беріліп тұрғанымен, бұл сұхбатта бұрын көп айтыла бермейтін тұлғалардың да бейнесі тебіреністі ашылғаны қуантты. Бұл әрі салиқалы әңгіме өргізген екі журналистің де өмірлік тәжірибесі мен көңіл көзінің қырағылығы.

Мейрамбек пен Амангелдінің бұл дүниесіне неге осыншама төгіліп отырмын? Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Казақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің  студенттері, бүгінде белгілі қаламгерлер, аудан түлектері Мейрамбек Төлепберген, Қали Сәрсенбай, Болат Жаппаров, Оңлан Арзықұлова (марқұм), Сүндетулла Әбілов және Амангелді Әбіл біздің аудандық газеттен әр жылдары тәжірибеден өтетін. Мен онда жауапты хатшы едім. Бәрі дерлік «сен тұр, мен атайын» деп айға қол созған арманшыл-тын. Уақыт оларды кәсіп таңдауда жаңылыстырмапты. Шәкірт ретінде олар қайда жүрсе де біз мақтанып жүрдік. Әсіресе, Мейрамбек Төлепбергеннің республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі» басылымдарындағы әркімнің есінде қалар зерттеулері мен Ұлы Отан соғысындағы ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қас батырлар туралы жазғандары, тарихи-танымдық дүниелері әлі күнге көкіректе сайрап тұр. Қазір өңірдің  кәсіподағына жетекшілік жасап жүрсе де белгілі көсемсөзші облыстық басылымдарда жоғарыда атап өткендей оқырманына ой салатын небір тұшымды дүниелер жариялап тұрады.

Бергентай НҰРМАХАНҰЛЫ, Журналистер одағының мүшесі, еңбек ардагері.

Сарысу ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support