Мектепте кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды

Мектепте кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды
ашық дереккөз
Мектепте кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды
 width= Қазақстанда кезекші сыныптан коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтқан. - Кезекші сынып оқушысының КВИ жұқтыру бойынша алғашқы жағдай 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылында анықталды. Екінші сынып оқушысының анасы - мұғалім. Алғашқы күні дене қызуы 37 градус болған, вирустық инфекцияның барлық белгілері бар. Алынған ПТР сараптамасы бұл диагнозды растады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. Бала үйінде емделіп жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Ол оқитын сыныпта небәрі 12 бала бар. - Олардың барлығын, оның ішінде мұғалімдер мен байланыста болған ықтимал тұлғалар қазір инфекцияның жұқтырған-жұқтырмағанына байланысты тексеріледі, - деді Қожахметов.  

Ұқсас жаңалықтар