Елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды
ашық дереккөз
Елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды
 width= Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған.  Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында банк менеджері өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланып бірнеше ай бойы түрлі банктік операциялар кезінде клиенттерге тиесілі ақшаны шешіп алып, жымқырып отырғандығы анықталды, деп хабарлады полиция. Банкте бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен 7 клиент зардап шекті. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 297 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Ұқсас жаңалықтар