- Advertisement -

Бұл көше мұндай жөндеуді көрген емес еді

73

- Advertisement -

Аудан орталығы – Б.Момышұлы ауылы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналғандай. Ауыл әкімі Көбейсін Хайралаповтың айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында бөлінген 219 миллион теңгеге 14 көшенің жолы орта жөндеуден өткізілуде.

Тұрғындардың игілігі үшін жасалып жатқан бұл жұмыстардың сапасына аса мән берілуде. Құрылыстың сапалы орындалуын «Амаль» ЖШС бақыласа, жобаның авторлық қадағалушысы «Тараздорпроект» ЖШС.  Мердігер компания жергілікті жердің 37 азаматын жұмыспен қамтыған. Бүгінде аудан орталығындағы көшелердің құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалған. Мердігер құрлыс жұмыстарын осы айда толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Д.Қонаев атындағы көшенің бойында Халық банкі, балалар жазғы демалыс орталығы, мәдени-демалыс саябағы, аудандық орталық мешіт орналасқан. Көше бойындағы 1,4 шақырым жол орта жөндеуден өткізілуде. Дәл қазір мұнда тұрғындардың сұранысымен көшенің бір қапталына су ағатын бетон науалар орнатылып, жаяу жүргіншілер соқпағы төселген.

Бұдан бөлек, ауылдағы басқа көше жолдарын жөндеу жұмыстарымен «L-VITA Temp stroy» ЖШС айналысуда. Құрылыс басында серіктестіктің 20-ға тарта арнайы техникасы, «HOWA» ауыр жүк мәшинесі, жол тегістегіш, тиегіш, әмбебап экскаватор, асфальт төсегіш жұмыс істеп жатыр.

Серіктестіктің учаске бастығы Сәкен Шубаев сапаға мән беріп, жөндеу жұмыстарының жоспарға сәйкес атқарылып жатқанынына басымдық беріп отырғанын айтты. Бүгінгі таңда Алатау, Бәйтерек, Мұнайшы, Парасат, Рысбек батыр, Қ.Иманбеков көшелерінде асфальт жабыны төселіп, ел игілігіне берілген.

—        Біз Бәйтерек көшесінде 20 жылдан бері тұрып келеміз. Бүгінге дейін бұл көше мұндай жөндеу көрген емес еді. Ал қазір көшенің сәні кіріп, жаңаланып қалды. Заман талабына сай бәрі жаңарып, жаңашаланып жатыр. Ауылдың көшелері кезең-кезеңімен жөнделіп, жарықтандырылуда. Сейіл құрып, демалатын орталық саябақ та жөнделу үстінде. Барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалуда, — дейді Бәйтерек көшесінің тұрғыны Нағима Жайбергенова.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,

журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support