- Advertisement -

«Хайшен» тайфуны салдарынан Жапонияда 430 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

44

- Advertisement -

Жапонияда «Хайшен» тайфуны салдарынан Кюсю аралында 430 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Билік алдын-ала жағалаудағы қалалардан екі жүз мыңнан астам адамды эвакуациялау туралы бұйрық берді. Жапонияның батыс префектураларындағы зауыттар, мектептер, дүкендер, кәсіпорындар жабылды. Жүздеген әуе рейсі, сондай-ақ теміржол байланысы тоқтады.

Сондай-ақ Ресейдің Приморье өлкесі мен Корея түбегінде де апатқа дайындық жүріп жатыр.

Бірнеше күн бойы Жапонияның оңтүстік аралдарына қарай жылжып келе жатқан «Хайшен» тайфуны жексенбіде айтарлықтай күшейіп, Мәскеу уақытымен шамамен 13.00-де жағалауға жетті.

Жапония метеорологиялық орталығының басшысы Йошихиса Накамото Хайшеннің өз күшін әлі де жоғалтпағанын ескертті.

Ойпатты аудандарда, әсіресе өзен сағаларында, күшті су тасқыны болуы мүмкін.

«Хайшен» — супертайфун, оның орталығындағы желдің жылдамдығы секундына 80 метрге немесе сағатына 290 км-ге жетеді.

Ресейлік Приморьеде «Хайшен» дүйсенбі-сейсенбі күндері де болады деген болжам бар. Онда Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жоғары дайындық режиміне көшкен.

Бұл – соңғы аптада Жапонияда болған екінші күшті тайфун.

Мұнда бірнеше күн бұрын «Майсак» тайфуны болған еді, бұл – аймақтағы соңғы жылдардағы ең қатты соққан дауылдардың бірі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support