- Advertisement -

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

21

- Advertisement -

Әлемде бір күнде коронавирус жұқтырғандар саны 304 мың 626 адамға жетіп, рекордтық деңгейге жетті. Мұндай мәліметті 6 қыркүйекте америкалық Джонс Хопкинс университеті келтірді. Мұның алдындағы рекордтық көрсеткіш 14 тамызда болған, бір тәулікте 304 мың 351 адам вирус жұқтырған деп атап өтті «Неміс толқынына» сілтеме жасап, centralasian.org.

Бірақ өлім саны екі есеге қысқарды. 14 тамызда 10 135 науқас қайтыс болса, соңғы 24 тәулікте 5637 адам көз жұмған.

Жалпы әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 26,96 миллионға жеткен, аурудан қайтыс болғандар 879 мыңнан асқан. Індет жұқтырғандар жағынан АҚШ бірінші орында тұр. Одан кейін Бразилия мен Үндістан. Ресейда вирус жұқтырғандар саны бір миллионнан асып, төртінші орынға шықты. Адам өлімі жағынан 12-орында тұр, 17 820 науқас көз жұмған.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының төрағасы Тедрос Гебрейесус адамзат коронавирус пандемиясын кемінде екі жылда жеңеді деп мәлімдеді.

— Егер әлем елдері ынтымақтастық танытып, біріксе, екі жыл мерзім ішінде індетті жеңуге болады, — деді ол.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support