ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІ ӘРБІРІМІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІ ӘРБІРІМІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ашық дереккөз
ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІ ӘРБІРІМІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауы елдегі қазіргі ахуалға байланысты жан-жақты сараланып, еліміздің ендігі қадамдарын анықтап берген бағыт-бағдар болды.   Жолдау кезінде Қазақстан Президенті еліміздің жаңа экоомикалық бағытының басты жеті қағидатын атап өтті. Ұзақмерзімді мұнайлы супер кезең аяқталғанын жеткізді. Бұған қарамастан экономика халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс істеуін жалғастырып, Ұлттық табыстың әділ бөлінуі жөніндегі қоғамдық талап ескерілуі керек деді. Яғни, табыс тиімді әлеуметтік жобаларға бөлінуі қажет. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты жеті қағидатқа негізделуі тиіс екендігін айтып, басым бағыттарды атап өтті. Президенттің айтуынша, біріншіден – міндеттер мен игіліктер әділ бөлінуі қажет. Екіншісі– жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, үшінші– әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін жаңа нарықты ашу, төртінші –өндіріс көлемін арттыру. Бесінші– адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, алтыншы –қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, жетінші –мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі. Біз бәсекелесе отырып, өзіміздің әлеуетімізбен еңсеруіміз қажет екенін айтты. Қоғамдағы сан-сала қамтылған Жолдауда ауылшаруашылығына қатысты үлкен мәселеге баса назар аударылды. Ел Президенті «Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы Жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексіне қатысты енгізілген мораторий күшін жоятынын айтты. Бұл жер иелерінің игерілмей жатқан жерлерінің айналымға қайта қосылуына әкеледі деп есептеймін. Ал ол өз кезегінде қосымша жұмыс орындарының артып, сонымен қатар ауылшаруашылығының ілгері қадам жасауына ықпал етпек. Сондай-ақ, Үкіметке ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге де әдіс-тәсілдерін дайындауды тапсырды. Мемлекет басшысы Жолдауында Жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын тағы бір мәрте қадам айтты.Бұл геосаяси тұрғыда Қазақстан азаматтарына үлкен сенім берсе, екінші жағынан шаруаларымызға да кәсібін одан әрі дамытуға әсерін тигізуі тиіс деп есептеймін. Сонымен бірге, Жолдауда ауылдарға қатысты тағы бір тиімді бастама көтерілді. Ол ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы. Жолдауда айтылғандай, келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталмақ. Осы ретте, жергілікті елді мекен тұрғындарының ауыл әкімін өздері дауыс беріп сайлауы ел ішіндегі мәселелердің жедел реттелуіне ықпал етеді деп ойлаймын. Биылғы Жолдауда ерекше жағдайда басталғалы отырған жаңа оқу жылына дайындық жайлы да өткір мәселе қойылды. Шын мәнісінде, осы күнге дейін бірыңғай оқу платформасының жоқ екендігін айтып, олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Бұл мектеп қабырғасында ғана емес, орта арнауы және жоғары оқу орындарында да бар мәселе. Салалық министрлік бұл тұрғыда көпшілікке қолжетімді әрі жеңіл пайдаланылатын платформа жасап, сапалы білім алуға кедергілер болмауы қажет деп ойлаймын. Мемлекет басшысы өте орынды әрі дер кезінде тапсырды деп есептеймін. Президент атап өткендей, баршамыз өз өзімізді дамытуға күш салуымыз керекпіз. Замана сынағы бізден мықты күш жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Еліміздің болашағы әрбіріміздің әрекетімізге байланысты болмақ.   Ерболат САУРЫҚОВ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысы бойынша төрағасы

Ұқсас жаңалықтар