- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

94

- Advertisement -

Бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде Конституциямыздың 25 жылдығына орай және қызметінде қол жеткізген жетістіктері үшін ҚАЖ қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.

Марапаттау рәсімінде мекеме бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаев Ата Заңды қабылдау барысында ең үздік әлемдік тәжірибе қоданылғанына, сондай-ақ біздің көпұлтты халқымыздың тарихи мен ұлттық дәстүрі көрініс тапқанына кеңінен тоқталды.

— 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы орнықты тәуелсіз мемлекетті құрудың, еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен жаңа құқықтық кеңістікті қалыптастырудың берік нормативтік тұғырына айналды. Конституция – Мәңгілік Ел идеясын орнықтыруға бет түзеген, тәуелсіздіктің жасампаз рухы салтанат құрған еліміздің берік тұғыры десек, оның кемелділігінің өзек-арқауы бүгінгі таңдағы қоғамдық қатынастың сан-салалы мәселелерінде экономикалық-әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан дамып, өркендеуіміздің нәтижесіне тікелей байланысты, — деді ол.

Мерекелік күнге орай Бауыржан Әбуұлы мекеменің қызметінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін 14 қызметкерді грамотамен марапаттады. Сондай-ақ, бұл күні мекемеге жұмысқа орналасқан жас қызметкерлердің ата-аналарын арнайы шақырғана әділет полковнигі оларды да мерекемен құттықтап, ел қауіпсіздігін сақтау жолында қызмет ететін ұл-қыз тәрбиелегендері үшін алғысын білдірді.

Еркебұлан САДУАНОВ, ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support