Германиядағы мектептер коронавирус ошағына айналды

Германиядағы мектептер коронавирус ошағына айналды
ашық дереккөз
Германиядағы мектептер коронавирус ошағына айналды
 width= Германияда мектептер коронавирус ошағына айналып отыр, деп хабарлайды ВВС. Германиядағы көптеген мектептерде екі апта бұрын оқу басталған болатын. Берлиндегі 825 мектептің 41-нен коронавирус анықталған. Вирус жұқтырғандар арасында бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушылары бар. Қазірдің өзінде жүздеген оқушылар мен мұғалімдер карантинге жабылған. Сонымен қатар, мектептердегі коронавирус ошағы АҚШ штаттары мен Израилде де анықталды. Еске салсақ, бұған дейін Германияда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп, бір тәулікте 2 мың адамнан қауіпті вирус белгілері табылғаны туралы хабарлаған едік.

Ұқсас жаңалықтар