45 млрд. теңге қарыз негізсіз мойнына салынған әйел сотта жеңіске жетті

45 млрд. теңге қарыз негізсіз мойнына салынған әйел сотта жеңіске жетті
ашық дереккөз
45 млрд. теңге қарыз негізсіз мойнына салынған әйел сотта жеңіске жетті
 width= "45 миллиард теңгеге қатысым жоқ" деп шырылдаған Алматы тұрғыны ақыры жеңіске жетті. Келісім-шартта қолы болмаса да судьялар төлеуге міндеттісің деп шешім шығарғаннан кейін, өзін ақтау үшін бірталай есікті қағып, құжаттар жинап сегіз ай сандалған. Тіпті, есеп-шоттарының барлығы бұғатталып, ипотекаға алған баспанасынан да сәл болмағанда айырылып қала жаздаған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Екі ай бұрын мұңын шағып телеарнадан көмек сұраған Зебихон Қадырова: "Құжатта менің қолым жоқ. Кесте тұрған жерде менің фамилиям да жоқ. Сот бітті. Маған 45 миллиард төлеу туралы шешім шықты", деген. Бұрын жұмыс істеген компаниясының қарызын мойнына іліп, 45 миллиард теңгені төлеу сот шешім шығарып берген. Содан бері оның бармаған жері жоқ. Ал күні кеше апелляциялық сот отырысы өткен. "Шешімді естігенде қуаныштан жылап жібердім, бұл жолы қазылар барлығын қаз-қалпында қабылдамай, саралап жіті тексерді дейді", дейді. Соттың қаулысын енді бес күннен кейін бір-ақ қолдарына алады екен. Осыдан кейін есеп-шоттарды бұғаттаудан шешуге кірісемін деп отыр. Ал, апелляция кезінде өзге борышкерлерден қарызды өндіріп алу ісі сол күйі қалыпты. Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің Фейсбуктегі жазбасынан: "Істі қайта қарау барысында жауапкер Зебихон Кадырованың несие желісін ашу туралы келісімге қол қоймағаны туралы дәлелдері расталды. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен Зебихон Қадыровадан 45 млрд. теңге өндіріп алу туралы талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды. Қалған бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды".  

Ұқсас жаңалықтар