Педагогтар үшін 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады

6

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ел аумағында салынатын әлеуметтік нысандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жұмыспен қамту» жол картасының алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық оң әсері жөнінде тағы да еске сала кеткіміз келеді. Жаңадан салынатын 683 нысан да болашақта өңірлерде әлеуметтік актив ретінде халыққа қызмет ететін болады. Оның ішінде білім беру саласындағы 80 жаңа құрылыс апаттық үш ауысымды мектеп, ауылда білім алуға қолжетімділік мәселелерін шешумен қатар, біздің педагогтарымызға 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын береді», — деді министр.

Бұдан бөлек, денсаулық, мәдениет, спорт және туризм саласындағы жаңа 60 жоба 20 мың тұрақты жұмыс орнын қамтымақ. 153 су шаруашылық нысанының құрылысы мен жаңғыртылуы суармалы және жайылымдық жерлердің көлемін едәуір арттырып, ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын бермек. Сондай-ақ 400-ге жуық коммуналдық-шаруашылық нысанын, 8 мың шақырымнан астам қалалық әрі ауылдық жолды салу мен жаңарту жоспарланған.

«900 елді мекенді абаттандыру — әкімдердің халықпен кездесуі кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерін шешуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жалпы, Жол картасының жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға негіз қалайтын болады», — деді Нұрымбетов.

 

Comments are closed.