Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылғаны рас - ДСМ

Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылғаны рас - ДСМ
ашық дереккөз
Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылғаны рас - ДСМ
 width= Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында журналистер ресми өкілден: «Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды деген ақпарат қаншалықты рас? Аталған аурумен ел аумағында тіркелген науқастар бар ма?», - деп сұраған еді. Өз кезегінде Бағдат Қожахметов бұл ақпараттың расталғанын атап өтті. «Бұл Моңғолияда, әсіресе РФ-ның Алтай өлкесінде табиғи бубондық обаны тасымалдайтын жануарлар мекендейтін жерлерде жыл сайын тіркеледі. Қазақстанда бубон обасымен ауырды немесе жұқтырды деген дерек жоқ. Неге десеңіздер, шекарада тосқауыл қойылған. Санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілуде», - деп жауап берді ол.  

Ұқсас жаңалықтар