Ауылшаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды

Ауылшаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды
ашық дереккөз
Ауылшаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды
 width= ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды.  Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014-2017 жылдары — "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі; 2017-2018 жылдары — "Астана — жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры; 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.  

Ұқсас жаңалықтар