- Advertisement -

Волонтер болған бес мектеп түлегіне тегін білім гранты табыс етілді

40

- Advertisement -

«Жас Отан» Жастар қанаты мектеп бітіруші алты түлекке жоғары оқу орындарының грантын табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастар үшін Алматы қаласының бес жоғары білім беру орны мен бір мемлекеттік колледжінде тегін оқуға мүмкіндік бермек. Игі шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, сондай-ақ, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі демеушілік жасап, әлеуметтік серіктестік негізінде қолдау көрсеткен.

Айта кету керек, жеңімпаздар бұған дейін «Волонтерлар» қатарында болған.

«Жалпы, қазір волонтер болып жүрмін. Әлі де сол жолда боламын деп үміттенемін. Біз Арысқа бардық. Ол жерде құрылыс материалдарын түсірдік. Мақтааралда 70 тонна гуманитарлық көмекті түсіріп, көмектестік», – деді грант иегері Әлібек Мейілханов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support