- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

163

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданының Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге 10 тамыздан 11-не қараған түні жергілікті тұрғындардың бірнеше үйінің және кітапхана ғимаратының терезелерін сындырған бір топ жастардың бұзақылық әрекеті себеп болды. Олардың барлығы ұсталып, ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, Қасқабұлақ тұрғындары әрқашан өздерінің еңбекқорлығымен, ынтымағымен және үлкендерге деген құрметімен ерекшеленеді. Соңғы жылдары мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Аймақ басшысы әрдайым жергілікті тұрғындардың осы игі қасиеттерін бағалап, облыстың басқа аудандарына барған кезде үлгі ретінде айтып жүреді.

— Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы заң аясында жауап береді. Ең бастысы – қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен тыныштық сақталуы керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Дабыл түсе салысымен бірден оқиға орнына полицейлер, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары аттанған. Жағдай жедел бақылауға алынып, барлық бұзақылар қолға түскен. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын, кінәлілер мен араңдатушыларды анықтау үстінде. Жергілікті тұрғындардың алаңдауыңа негіз жоқ, олардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етіледі.

«Біздің қоғамда ешкім алауыздық туғыза алмайды, және бір топ жастардың бұзақылық әрекеттерінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ», — дейді ауыл ақсақалы Махмуд Темиров.

Бердібек Сапарбаев жастар, әсіресе бұзақылыққа қатысты жастардың ата-аналары арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Айта кету керек, олардың бірқатары кездесуге арнайы қатысты. Олардың атынан ұсталған жігіттердің бірінің атасы Аманжол Ділдабеков сөз алып, болған оқиға туралы естігенде «жағасын ұстағанын» жасырмады.

«Мен Қасқабұлақ ауылының тұрғындарынан балаларымызды бақылай алмағанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын» деді ол.
Ұсталғандардың бірінің анасы көз жасына ерік беріп, баласының әрекетін ақтауға сөз таба алмай тұрғандығын жеткізді.

— Мұның бәрі істерге ісі жоқтықтан туындайды. Егер он екі мүшесі сау болса, онда ол ата-анасына масыл болмай, еңбек етуі керек. Ата-аналар өздері балаларының бос уақытын қалай өткізіп жүргендігінен хабарсыз. Біздің жалғыз Отанымыз бар, ол — Қазақстан. Біз өзіміздегі ең құнды дүние – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалай білуіміз керек. Тағы да қайталап айтамын, заңды бұзған әрбір адам қатаң жауапқа тартылады. Шамасы, бұл бұзақылықты арнайы ұйымдастырушылар болған секілді. Полицияның міндеті – оларды табу және осыған ұқсас оқиғалардың алдын алу. Ата-ана, мектеп, қоғам және билік, бұлардың бәрі бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, мейірімділік және адамсүйгіш, әрбір азаматқа құрметпен қарау секілді игі қасиеттерді қалыптастыру жолында жұмыла жұмыс жасауы тиіс, — деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support